ТЖМ: барлық күштер мен құралдар су тасқынының салдарын болдырмауға және жоюға бағытталған

6 Сәуір 2024, 22:39
438
Бөлісу:
ТЖМ: барлық күштер мен құралдар су тасқынының салдарын болдырмауға және жоюға бағытталған
Фото: baq.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары үшін мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және автомобиль техникасы, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары броньдалып, берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық ұланның авиациясымен Астана қаласынан Құлсары қаласына азық-түлік, қапшықтар мен мотопомпалар жеткізіледі. Құтқарушылардың, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілердің бірлескен жұмысының арқасында су басуға жол берілмеді. 80 мыңнан астам адам тұратын 135 елді мекен және түрлі мақсаттағы 21 мыңнан астам ғимараттар мен құрылыстар республикалық штабтың бақылауында, - деді ОКҚ брифингінде ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Кахарман Оразалин.

Өзгелердің жаңалығы