ТЖД: Солтүстік Қазақстанда 2678 үй су астында қалып отыр

4 Мамыр 2024, 12:39
204
Бөлісу:
ТЖД: Солтүстік Қазақстанда 2678 үй су астында қалып отыр
Фото: ОКҚ

СҚО-да су басқан үй маңындағы аулалар саны екі есе азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сергеев су қоймасынан аққан су деңгейі 1 метр 20 см асты. Тәулік ішінде 6 см төмендеді. Сондай-ақ Есіл өзенінің бойында және оның Солтүстік Қазақстан облысы шегіндегі салаларында су деңгейінің едәуір төмендегені байқалады. Есіл ауданында Есіл өзенінде Покровка селосының гидробекетінде су деңгейі 25 см Новоникольское селосында 23 см төмендеді.

Су тасқыны басталғаннан бері СҚО-да 3898 үй су астында қалды, 1220 үйден су кетті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 2678 үй су астында қалып отыр, су басқан үй маңындағы аула аумақтары екі есеге азайды: бұрын 1116 болса, қазір – 626, - деді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Су сору жұмыстары жалғасуда: 793 мыңнан астам текше метр су сорылды, бір тәулікте - 27 мын 600 текше метр.

Қуатты су сору техникасы, оның ішінде 6 жылжымалы сорғы станциясы, мотопомпалар іске қосылды. Тиісті жұмыстар Ойқала шағын ауданында және Қызылжар ауданының Кожевенный және Тепоичный кенттерінде жүріп жатыр, - деп нақтылады спикер.

Өзгелердің жаңалығы