ТЖД қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр

29 Желтоқсан 2021, 22:17
1539
Бөлісу:
ТЖД қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр. 

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған іс-шараның басты мақсаты-сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатудың жолын кесу, сондай-ақ пиротехниканы пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін халыққа жеткізу.

Осы жылдың 25 желтоқсанынан басталған рейд барысында тұрғындар арасында пиротехникалық құралдарды сатып алу, сақтау және пайдалану ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алдын алу іс-шараларымен сауда орындары қамтылған, сатушылармен нұсқаулықтар жүргізілген, пиротехникалық бұйымдар, сәйкестік сертификаттары, өрт сөндіргіштердің жарамдылығы тексеріледі.

Бүгінгі таңда 90 рейдтік шара жүргізілді, оның барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 782 нұсқама өткізілді, 1250 профилактикалық жадынама берілді. Естеріңізге сала кетейік, пиротехниканы лицензиясы болған жағдайда ғана сатуға болады, әйтпесе ҚР ӘҚБтК-нің «тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Материал қарау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі. Осындай құқық бұзушылық үшін 25 АЕК, яғни 72925 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған,-делінген хабарламада.

Азаматтар арасында жарақаттану фактілерін болдырмау үшін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті пиротехникалық өнімді міндетті түрде өнімге лицензия мен сертификат бере отырып, оны сату үшін арнайы бөлінген орындарда ғана сатып алуды бұлтартпай ұсынады.

«Қауіпсіз Жаңа Жыл» акциясы аясында Ескелді ауданының ТЖ бөлімі жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп, ауданның «орталық базар», «Болашақ», «Береке» сауда үйлерінде рейдтік іс-шаралар өткізді. Талғар ауданының ТЖБ сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Петардалар, фейерверктер, бенгал оттарын сатып алу кезінде неге назар аудару қажет? Ең алдымен, өнімнің сертификатталғанын көру керек, пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысу керек. Оны сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз: егер өнім мерзімі өтіп кетсе, оны ешқандай жағдайда қолдануға болмайды. Қаптама бүтін, жыртылмаған болуы керек. Пиротехниканы іске қосқан кезде темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Тұрақталған көліктердің жанында петардаларды атуға болмайды,-делінген хабараламада.

Сондай-ақ, 50 метр радиуста өртке қауіпті объектілер болмауы тиіс. Көрермендер фейерверктің іске қосу алаңынан 15-20 метр қашықтықта орналасуы қажет, жел оларға түтін мен бұйымдардың жанбай қалған бөліктерін түсірмеуі үшін міндетті түрде жел жағынан болуы тиіс. Бұйымды қолдан іске қосуға жол берілмейді.

Жанғыш зат бар жерде ашық отты пайдалану ұсынылмайды. Бенгал - бұл ашық от. Шыбықтың температурасы 2 мың градусқа жетеді. Сондықтан оны жанғыш материалдардан алыс пайдалану керек. Пиротехниканың кез келген түрі адам денсаулығына елеулі зиян келтіретін қауіпті құрал екенін есте сақтау қажет.

Пиротехникалық заттар өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес қоймаларда сақталуы керек, олар ішкі істер органдарында тіркелуі керек. Пиротехниканы оның сақталуы үшін жағдайлар бар жерде ғана сатуға болады, оған тікелей күн сәулесінің, жаңбырдың немесе қардың түсуіне жол берілмейді.

Мереке күндері қайғылы жағдайлардың алдын алуы үшін отшашулар мен шапалақ петардаларын тек дүкендердің мамандандырылған бөлімдерінде ғана сатып алу керек, бірақ ешқандай жағдайда оларды сақтау шарттары сақталмайтын базарларда сатып алмау керек. Температуралық режимдердің сақталмауына байланысты пиротехника қолда жарылуы мүмкін. Сапасы күмәнді тауарды сатып алмаңыз, қажетті сертификаттарды талап етіңіз, қазақ және орыс тілдерінде жасалған бұйымдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Қаптамадағы ескерту жазбалары қаріппен белгіленуі тиіс, «Назар аударыңыз!» сөзімен белгіленуі қажет.

Сізге қауіпсіз жаңа жылдық мерекелер тілейміз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар.

Өзгелердің жаңалығы