ТЖД: Қарағандыда гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде

29 Наурыз 2024, 12:53
223
Бөлісу:
ТЖД: Қарағандыда гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде
Фото: ТЖМ

Қарағанды облысындағы 29 наурыз таңертеңгі уақытқа дейінгі су тасқынына қатысты жағдай анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысы бойынша ТЖД бүгін, 29 наурызда сағат 11:00-ге су тасқыны жағдайы туралы хабарлады. Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде. Өзендерге еріген су ауқымды көлемде келіп түсуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі, кей жерде арнасынан асуы байқалады.

Ақтоғай ауданының Абай ауылына және Абай ауданының Құлайғыр ауылына дала мен беткейлерден еріген сулар келіп жатыр. Қазіргі уақытта ТЖД және ЖАО күштерімен қапшықтарды құмға толтыру және төсеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Тұрғын үйлерді су басудан аман алып қалу үшін шаралар қолданылды. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Жағдай бақылауда, - делінген хабарламада.

Облыстың автожолдарында тасқын жүру деректері тіркелді:

– Шет ауданы – Республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург а/ж (Ақсу-Аюлы кенті ауданында). Су тасу аумағының ені – 150 м, тереңдігі – 15 см. Автокөліктер қозғалысы тоқтақан жоқ;

- Абай ауданы – Қызылорда – Павлодар Республикалық маңызы бар а/ж учаскесінде (Красная поляна ауылы – Құлайғыр ауылы арасында). Автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды;

- Осакаров ауданы – Осакаровка – Молодежное облыстық маңызы бар а/ж. Автотехниканың өтуі жүзеге асырылуда;

- Ақтоғай ауданы – Ақтоғай – Нұркен облыстық маңызы бар а/ж. Жол учаскесі жабылды, Ақтоғай кенті арқылы қосымша жол бар;

- Нұра ауданы – Қорғалжын – Баршино – Шұбаркөл – Қызылжар облыстық маңызы бар а/ж. Жеңіл автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды;

- Қарқаралы ауданы – Егіндібұлақ – Қоянды – Бүркітті (Қоянды ауылы-Егіндібұлақ ауылы арасында) облыстық маңызы бар а/ж. Автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.

– Нұркен – Жаңатоған аудандық маңызы бар а/ж. Ені 10–15 м, тереңдігі 1,5–2 м жол төсемі жуылды. Орында ПБ және ЖАО қызметкерлері кезекшілік етуде.

Қарағанды облысының аумағындағы су тасқынына қатысты барлық жайт үнемі бақылауда. ТЖД базасында тәулік бойы су тасқынына қарсы штаб жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы