ҚТЖ: "Жолаушылар тасымалында" қандай жаңашылдықтар бар

6 Наурыз 2020, 18:40
3891
Бөлісу:
ҚТЖ: "Жолаушылар тасымалында" қандай жаңашылдықтар бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Самұрық-Қазына" ӘАҚ алаңында өткен брифингте "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев "Жолаушылар тасымалы" АҚ жаңашылдықтары туралы айтып берді.

Біз жолаушыларымыздың сапасыз сервиске, ескі вагондарға, нашар санитарлық жағдайға, билеттер жетіспеушілігіне, алыпсатарлыққа және пойыздардағы сыбайлас жемқорлыққа наразылығын жиі естіп жатамыз. Ия, өкінішке қарай ондай проблемалар бар, – деп мәлімдеді Сауат Мыңбаев.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ паркі 2240 вагонды құрайды. 2029 жылға дейін қызмет мерзімі бойынша шамамен 945 вагон пайдаланудан шығарылады. 2020-дан 2029 жылға дейін жылжымалы құрам паркін жаңғырту мен жаңарту бойынша толық кешенді іс-шаралар өткізілетін болады.

Қолданыстан шығарылған парк орнын толтыру үшін Компаниямен 2029 жылға дейін жолаушылар жылжымалы құрамын жаңарту стратегиясы бекітілді.

Жаңа жүз вагон сатып алу болжанып отыр. Өткен жылы біз тверлік зауыт өндірген вагондармен төрт жылжымалы құрамды жаңарттық, – деп атап көрсетті "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы.
Бұдан басқа, Стратегия шеңберінде жақын 4 жылда 209 жолаушы вагонына күрделі-қалпына келтіру жөндеуі жүргізілсе, соның 77-і заманауи жайлы вагондар – осы жылға.

2019 жылы пойыздарда төсек керек-жарақтары кезеңімен жаңартылды. Жаңа халықаралық стандарттарға сәйкес төсек жабындыларының тозуға төзімділігі мен сипаттамалары жақсарды.

Жаңа халықаралық стандарттар әзірленді. Өткен жылдың ортасына таман тендер өткізілді. 1 қарашада, кейбір бағыттар бойынша қарашаның ортасына таман пойыздар жаңа жұмсақ шешілмелі мүкәммалмен жабдықталды, – деді Сауат Мыңбаев.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Ішкіклининг жөніндегі стандарттарын және жолаушылар пойыздарын санитарлық-гигиеналық құралдармен жарақтандыруды қайта қарады. Олар ағымдағы жылдың мамырынан пайдаланыла бастайды. Бұл барлық жолаушылар бағыттары бойынша тазалық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сауат Мыңбаев брифинг барысында "Патентос Тальгомен" келіссөздердің оңды шешіміне ықпал еткен Deutsche Bahn неміс компаниясы мамандарын тартуға байланысты сауалға да жауап берді.

Брифингте Сауат Мыңбаев "Тальго" зауытында қалған 62 вагон құрастырылғаннан кейін оларды Қазақстанда сатып алу экономикалық себептерге байланысты тоқтатылатындығын хабарлады.

Бұл отыру орындарының саны аз (8 ден 20 орынға дейін) жаппай жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін, қызмет көрсету шығыны және бағасы жоғары вагондар.

Бүгінгі күні біздің паркте 570 Тальго вагоны бар. Пайдалануда қалатыны түсінікті де. Бұл ретте сервистегі жергілікті құрам артты. Мен біздің баға бойынша сервистік келісімшартты төмендетуге қол жеткізгендігімізді меңзеп отырмын. Осылайша, ҚТЖ тиісті табысқа қол жеткізді, – деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы.
Ұлттық темір жолы компаниясының басшысы коронавирустың таралып кетуіне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар туралы да айтып берді. Сауат Мыңбаев коронавирус індетінің таралуына қарамай, Қазақстан Қытаймен арадағы жүк тасымалын тоқтатпайтындығын атап көрсетті, дей тұрғанмен, ақпанда транзит 39% төмендеген.
Коронавирус бойынша біз жолаушылар қатынасын тоқтаттық, алайда шекараны кесіп өтетін жүк бригадалары бар. Онда тәртібі, қандай жолмен бұл жүзеге асырылатыны, тиісті рәсімдері тағы бар. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық қызмет күштерімен атқарылады. Адамдарды бақылау бойынша түсінік бар, – деді ол.
Келесі кезеңдерде компания жүк айналымын арттыру үшін жеткілікті күш-жігерін жұмсайтын болады.
Өзгелердің жаңалығы