ТЖ министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды

11 Наурыз 2024, 07:50
302
Бөлісу:
ТЖ министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды
Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов өңірдің құтқару бөлімшелерінің қызметі мен тұрмыс жағдайымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі күн ішінде өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару бөлімшелеріне, Матақ трассалық медициналық-құтқару пунктіне, ТЖ департаментіне, 52859 әскери бөліміне, госматрезерв объектілеріне барды.
 

Министр құтқарушылардың күнделікті өмірімен, материалдық-техникалық базасымен танысып, гарнизонның жеке құрамымен кездесті.
Сондай-ақ өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірлесе отырып, «Qarmet» АҚ-ға барып, АҚ басшылығының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жай-күйі, проблемалары мен қабылданып жатқан шаралары туралы тыңдау ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Qarmet» АҚ бас директоры Вадим Басин көмір шахталарында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша мәселелерді шешу жолдары, атап айтқанда, көмір қабаттарын жер бетінен плазмалық-импульстік газсыздандыру әдістерін тәжірибелік қолдану, сондай-ақ болат департаментінде жаңғырту барысы туралы баяндады.
 

Сонымен қатар, сапар барысында өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығына, гидротехникалық құрылыстардың су тасқынын апатсыз өткізуге дайындығына назар аударылды.

«Қазсушаруашылығы» РМК филиалының басшылығы 2023 жылдың жазғы - күзгі кезеңінде су қоймаларында өткізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады, с.Чкаловтың қорғаныс білігін, Самарқанд және Жартас су қоймаларының су торабын тексеру жүзеге асырылды. ТЖ Министрі қорытындысы бойынша өңірдің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін нақты тапсырмалар берді, - деп жазды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы