ТЖ министрі «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбының оқушыларымен кездесті

28 Қазан 2022, 16:41
1233
Бөлісу:
ТЖ министрі  «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбының оқушыларымен кездесті
PHOTO

Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Юрий Ильин «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбының жас құтқарушыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кадет сыныбы - бұл қазақстандық педагогикадағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа формасы, ол серіктестік сезімін қалыптастырады, біздің балаларымызда тәртіпті тәрбиелейді, ол кейіннен міндеттемені, өз уақытын жоспарлау қабілетін қалыптастырады. Балалар неғұрлым жинақы, жауапты болады, біздің отанымыздың нағыз патриоттары болып өседі. Азаматтық қорғау саласына бейімділігі бар осындай сыныпты құрудың мақсаты болашақ құтқарушыларды мектеп орындығынан бастап дайындау болып табылады. Бұл сынып 2021 жылы Ақсу ауданы І.Жансүгіров ауылындағы Ж. Сыдықов атындағы орта мектебінің базасында ашылды, ал оқушылар 8-сынып оқушылары болып табылады. Оларға құтқарушылар үлгісіндегі арнайы форма әзірленіп, тігіп берілді.

ТЖ министрі  «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбының оқушыларымен кездесті

Осы санаттағы оқушылардың оқу бағдарламасына Облыстың білім басқармасының келісімі бойынша азаматтық қорғау, алғашқы әскери даярлық, бағыттар бойынша мамандарды, оның ішінде Жетісу облысы ТЖД қызметкерлерін тарта отырып, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету саласында қосымша сабақтар мен факультативтік сабақтар енгізілді.

ТЖ министрі  «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбының оқушыларымен кездесті

ТЖ министрі Юрий Ильин кадеттерге жас кезінен бастап болашақ мамандығын таңдағаны үшін алғысын білдірді, зор денсаулық пен оқуда табыс тіледі, болашақ құтқарушыларға алғыс хаттар табыс етті және осы кездесуді еске алу үшін сыныпқа теннис үстелін сыйлады.

ТЖ министрі  «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбының оқушыларымен кездесті

Мектеп орындығынан бастап балалар өз тағдырларын игі істермен байланыстыруға шешім қабылдағаны қуанышты. Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Бұл жағдайда мұндай жұмысты балалармен ерте жастан бастап жүргізу өте маңызды. Өз кезегінде ТЖ министрлігі бұл жұмысты жан-жақты, оның ішінде оқу процесін ұйымдастыру үшін әдістемелік қолдау көрсетумен жалғастыратын болады.

Өзгелердің жаңалығы