ТЖ министрі Түркістан облысындағы бөгетті тексерді

16 Ақпан 2024, 05:27
345
Бөлісу:
ТЖ министрі Түркістан облысындағы бөгетті тексерді
Фото: gov.kz

ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге Арыс ауданындағы Көксарай су реттегішіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

«Көксарай» су реттегіші 2011 жылы пайдалануға берілді. Оның негізгі мақсаты - су тасқыны кезінде суды реттеу. Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен жобалау-сметалық құжаттамаға және бөгет бойына күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді.

Министр бөгеттің бойын қосымша зерттеулер мен жөндеу жүргізу, ескерту сигналдарын енгізу, тұрғындар арасында үй маңындағы аумақтарды тазарту, халықты су тасқыны кезеңіне дайындау және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Түркістан облысының ТЖД су қоймасындағы су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан Түркістан қаласындағы 2 өрт сөндіру депосы кешенінің құрылыс аумағына барды.Облыс орталығының қауіпсіздігі үшін осындай маңызды объектіге 4 өрт сөндіру автокөлігіне арналған бокс, бөлімнің өрт сөндірушілерінің жұмысы, тұруы және демалуы үшін қажетті үй-жайлар кіретін болады.

Жобаны іске асыру 160 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігін сенімді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бірқатар ірі өндірістік-логистикалық мақсаттағы объектілерді, көтерме-бөлшек сауданы, қаланың тіршілігін қамтамасыз етуді, денсаулық сақтау, мұнай өнімдері мен сұйытылған газды сақтау объектілерін қорғау қамтамасыз етіледі.

Ведомство басшысы бұл жобаны іске асыру төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы