ТЖ. Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге залалды өтеу бойынша жұмыс басталды

15 Қаңтар 2022, 17:13
1275
Бөлісу:
ТЖ. Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге залалды өтеу бойынша жұмыс басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс басталды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың тыныс-тіршілігін жедел қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Әкім Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында кәсіпкерлерге келтірілген зиянның орнын толтыру, оның салдарын жоюды да қолға алды.

 Қоғамдық көлік, сауда объектілері, базарлар, кәсіпорындар қызметі жолға қойылуда, жол инфрақұрылымы қалпына келтірілуде.

«Open Almaty» қоғамдық қабылдау базасында тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша жедел желі құрылды. Айта кетсек, жедел желіге: 1308  (ұялы телефондар үшін) және +7 (727) 338-33-88 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы