Тынық мұхитында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды

Қаза тапқандар немесе қираған нысандар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.

 istockphoto.com 16 Тамыз 2026, 20:19
16 Тамыз 2026, 20:19
126
Фото: istockphoto.com

Тынық мұхитындағы Вануату арал мемлекетінің жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Порт-Олри ауданынан солтүстік-шығысқа қарай 56 шақырым жерде орналасқан.

Магнитудасы 6,1 болатын жерасты дүмпуі 188 шақырым тереңдікте тіркелді.

Цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ.

Жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар немесе қираған нысандар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 51-ге жеткені туралы жаздық. 

Наверх