Тыңайтқыштарды қолдану көлемін ұлғайту үшін биыл қанша қаражат бөлінді?

10 Маусым 2021, 11:30
2142
Бөлісу:
Тыңайтқыштарды қолдану көлемін ұлғайту үшін биыл қанша қаражат бөлінді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров тыңайтқыштарды қолдану көлемін ұлғайту үшін биыл қанша қаражат бөлінгенін айтты.

Өнімділікті арттырудың маңызды факторы – тыңайтқыштарды жеткілікті мөлшерде қолдану.

Тыңайтқыштарды қолдану көлемін ұлғайту үшін биыл 30,9 млрд теңге бөлінді. Бұл тыңайтқыштарды енгізу көлемін ғылыми қажеттіліктің 25%-ына жеткізуге мүмкіндік береді.

4 маусымдағы жай-күй бойынша ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне 405,3 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізілді. Бұл жоспардың 63%-ы. Бұдан басқа сақтау қоймаларында тағы 29,4 мың тонна бар. Бұл ретте тиеп-жөнелту жұмыстарының жалғасып жатқанын және белгілі көлемдердің күзгі өңдеу кезінде енгізілетінін атап өткен жөн, - деді министр.

Оның сөзінше, тыңайтқыштарды сатып алуда жоғары көрсеткіштер Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. ШҚО-да тиеп-жөнелту толығымен аяқталды.

Қалған өңірлер тыңайтқыштарды қолдану көлемін жоспарланған көрсеткіштерге дейін ұлғайтуы қажет. 2023 жылға дейін әкімдіктер мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің өтініштері бойынша тыңайтқыштарды қолдану көлемінің төмендеуіне жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидия алу үшін агрохимиялық картограммалар беру талабын уақытша тоқтатты, - деп айтты Омаров Үкіметте.

Өзгелердің жаңалығы