Тым қымбат. Министр ұзаққа созылған тасжол жұмысы қашан аяқталатынын айтты

4 Қазан 2022, 15:37
1431
Бөлісу:
Тым қымбат. Министр ұзаққа созылған тасжол жұмысы қашан аяқталатынын айтты

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«БҚО Орал-Жәнібек тасжолындағы жұмыстар қашан аяқталады?» деген тілшінің сауалына министр былай деп жауап берді. 

Батыс Қазақстан облысындағы бұл жолдар айрықша бақылауымызда. 248 шақырым жолдың 113 шақырымындағы жұмыстарды келесі жылы аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Жолдардың көп бөлігін биыл ашып, қозғалысты жандандырамыз. Батыс өңірдегі Жәнібек сынды жерлерде Кеңес Одағының өзінде неліктен жолдар салынбауының себебі – барлық материалдарды жеткізу өте қиын екені баршаға белгілі. Жол салуға қажетті материалдарды Ақтөбе облысынан мыңдаған шақырымнан тасуымызға тура келеді. Логистика, жол қымбатқа шығады. Келесі жылы бұл жол аяқталады, - деді ведомство басшысы. 

Сондай-ақ Атырау арқылы өтетін Ақтөбе-Астрахань тасжолына да тоқталды. 

Негізгі учаске қазір Атырау-Астрахань бағытында, ол 277 шақырымды құрайды. Биыл 120 шақырымнан астам жолды өткіземіз. Қалған жүз шақырымнан астамын келесі жылы толықтай аяқтаймыз, - деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев. 

Өзгелердің жаңалығы