Twitter Трамп салған видеоны өшіріп тастады

19 Шілде 2020, 20:47
1856
Бөлісу:
Twitter Трамп салған видеоны өшіріп тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың мемлекет басшысы сайлауалды бейнеролигінде америкалық Linkin Park рок-тобының әнін пайдаланған. Әннің авторлары авторлық құқықтың бұзылғандығына шағымданды.

Twitter әлеуметтік желісі АҚШ президенті Дональд Трамптың тағы бір жазбасын өшіріп тастады. Reuters-тің мәліметінше, оған себеп кезекті рет авторлық құқықтың бұзылуы туралы шағымның түсуі.

Біз авторлық құқық иелерінен немесе уәкілетті өкілдерінен келіп түскен шындыққа негізделген шағымдарға ғана жауап қайтарамыз, - делінген Twitter-дің мәлімдемесінде.

Агенттіктің хабарлауынша, өшірілген жазба Трамптың өз көмекшісі Дэниел Скавинодан алып, қайта жариялаған жазбасы болған.  

Сайлауалды кампанияның аясында түсірілген жарнама ролигінде америкалық Linkin Park тобының әні пайдаланылған. Шағымды музыкалық компания Machine Shop Entertainment түсірген. Ол компания аталмыш топ мүшелерінен құралған.

Маусымның басында Twitter авторлық құқықты бұзғаны үшін Ақ үй басшысының Джордж Флойдты еске алуға арналған видеоролигін бұғаттап тастады. Ал маусымның аяғында аталмыш әлеуметтік желі оның компания саясатына сәйкес келмейтін жазбасын бұғаттаған еді.


Өзгелердің жаңалығы