Тwitter Дональд Трамптың аккаунтын мүлдем жауып тастады

9 Қаңтар 2021, 11:32
1742
Бөлісу:
Тwitter Дональд Трамптың аккаунтын мүлдем жауып тастады

Алматы, BAQ.KZ. Тwitter АҚШ президенті Дональд Трамптың аккаунтын мүлдем жауып тастағанын мәлімдеді.

Біз @realDonaldTrump аккаунтында жақында жарияланған жазбаларды мұқият саралай келе берекетсіздікті одан әрі қоздырмау үшін бұл аккаунтты мүлдем жаптық, - делінген хабарламада.

Бұған дейін модераторлар Тwitter-дегі Д. Трамптың үш жазбасын өшірген болатын, одан кейін президенттің жеке аккаунты 12 сағатқа бұғатталған.

Өзгелердің жаңалығы