Түзеу мекемелерінің қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттайды

31 Қаңтар 2023, 14:18
926
Бөлісу:
Түзеу мекемелерінің қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттайды

Ертіс өңірі түзеу мекемелерінің қызметкерлері негізгі жұмыстарынан бөлек халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауды қолға алған, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Қылмыстық-атқару қызметінің мамандары жұртшылықты спортпен шұғылдануға шақырумен қатар, өздері де халыққа үлгі болуды көздеген. Бұған – қала ішінде өтетін түрлі шараларға белсенді қатысулары дәлел.

Атап айтқанда, № 46 мекеменің бір топ қызметкері Павлодар қалалық шаңғы жарысына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бірнеше шақырымдық жарыс қорытындысы бойынша мекеме қызметкерлері Данияр Касимов, Еркебұлан Джакыпов пен Ольга Мирзоева үш орынды өзара бөлісіп алды. 

Дені саудың – жаны сау. Сондықтан, қылмыстық-атқару жүйесінің мамандары өз алдарына әрдайым жақсы физикалық формада болу керек. спорттық шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді. қызығушылық танытқандардың саны да артып отыр. Қала ішінде өтетін түрлі жарыстарға қатысамыз. Спортқа бой түүзеген қызметкерлерімізге қолдау бар. волейбол, футбол және қызметтік дайындық бойынша да кездесулер жиі ұйымдастырылады», - дейді мекеме басшысы, әділет подполковнигі Мақсат Сқақов.

Қызметкерлердің айтуынша, жаз айларында қылмыстық-атқару жүйесі ұжымдары мен жазасын өтеушілер арасында футболдан жолдастық кездесулер өткізіледі. Яғни, мамандар ғана емес, сотталушылар да салауатты өмір салтын ұстана алады.

Өзгелердің жаңалығы