Туындаған мәселелер АӨК-тің барлық қатысушыларының консенсусы арқылы шешілуі тиіс – АШМ

5 Наурыз 2022, 01:17
2080
Бөлісу:
Туындаған мәселелер АӨК-тің барлық қатысушыларының консенсусы арқылы шешілуі тиіс – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы уақытта АӨК мемлекеттік қолдау жүйесін реформалауға байланысты көптеген сұрақтар туындап жатқанын, сондай-ақ осы тақырыпта ақпараттық материалдар жиі жарияланып жатқанын атап өтеді.

Осыған байланысты, Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2021 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ауыл шаруашылығын субсидиялау саласына кешенді талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылғанын хабарлайды. Оның құрамына агенттік басшылары, ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер кіреді. 

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша министрлікке субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша 170-тен астам ұсыным жіберілді.

Министрлік АӨК мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыс тобын құрды, оған салалық қауымдастықтар мен одақтар, агробизнес, ғылым, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары кірді. Бүгінгі күні жұмыс тобының 4 отырыс өткізілді. 

Жұмыс тобы АӨК-нің барлық қатысушыларымен тұрақты негізде кездесулер мен консультациялар өткізеді және агробизнестің барлық нысандарының мүдделерін барынша ескеру негізінде шешімдер әзірлейді. Министрлік өз тарапынан субсидиялау бағыттарын оңтайландыру, шаруашылық жүргізудің мөлшері мен нысандарына қарамастан барлық субъектілер үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді енгізу қажеттілігін ұстанады.

Қазіргі уақытта министрліктің атына ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден, қоғамдық бірлестіктерден, одақтардан ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Олардың барлығы жұмыс топтарында қаралып, министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелері зерделейді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі ашық және сындарлы диалогқа, туындайтын барлық мәселелерді консенсус арқылы шешуге өзінің әзір екенін растайды.

Айта кететіні, а.ж. 5 наурызында жергілікті атқарушы органдардың, одақтар мен қауымдастықтардың өкілдерімен тағы бір кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы