Тұтынушылық кредит: Қазақстандықтар банктерге 7,7 трлн теңге қарыз

26 Сәуір 2023, 10:32
1939
Бөлісу:
Тұтынушылық кредит: Қазақстандықтар банктерге 7,7 трлн теңге қарыз
Фото: inform.kz

Қазақстандықтар банктерге 7,7 трлн теңге қарыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан тұтынушылық кредит туралы сұрады.

Жақында Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі отырыста халыққа берілетін тұтынушылық кредит көлемінің ұлғайып бара жатқанын атап өтті. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұтынушылық кредит алған қазақстандықтардың саны 6 млн 900 мыңға жеткен, - деді депутат.

Оның айтуына қарағанда, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 25,3 пайызға ұлғайып, 7 трлн 700 млрд теңге болған.

Бұл халықтың мұқтаждығынан туындап отыр. Беріліп жатқан қарыздың да мөлшері 56 пайызға дейінгі жылдық мөлшерлемемен беріліп отыр. Агенттік болашақта тұтынушылық кредиттің көлемін азайтып, оны нақты экономикаға жіберу бойынша қандай шаралар қабылдайды? – деп сұрады депутат Сабильянов агенттік төрағасынан.

Бүгін Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы