Мәжіліске кредиттік тарихтың мәліметтерін алмасуға мүмкіндік беретін заң таныстырылды

26 Сәуір 2023, 10:22
943
Бөлісу:
Мәжіліске кредиттік тарихтың мәліметтерін алмасуға мүмкіндік беретін заң таныстырылды
Фото: kursiv.media

Мәжілісте «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова таныстырды.

Келісім Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы шешімімен бекітілген. Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын реттеу тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Келісімнің мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың мәліметтері мен трансшекаралық алмасу үшін жағдай жасау. Осы келісім 2021 жылғы 21 желтоқсанда жасалды. Келісім кредиттік есептер мен трансшекаралық алмасу тәртібін және берілетін ақпараттың тізбесін айқындайды, - деп түсіндірді агенттік басшысы.

Сөзінше, мұндай ақпаратқа кредиттік есепті ұсыну туралы сұрату, кредиттік тарих субъектісінің келісімі, кредиттік есептің өзі, сондай-ақ кредиттік тарихты дауласуға қатысты құжаттар жатады.

Келісім талаптары бойынша кредиттік есептер мен трансшекаралық алмасу міндетті түрде жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы