Тұтынушыларды қорғауда заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізіледі

28 Мамыр 2024, 12:53
709
Бөлісу:
Тұтынушыларды қорғауда заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізіледі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков, айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша Мәжілісте шамамен 15 жұмыс тобы өтті. Депутаттар тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар түзетулер енгізді.

Жаңашылдықтарға сәйкес, тұтынушыға өз құқықтарын қорғау жолдарын таңдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарының, оның ішінде осы салада Омбудсмен енгізу арқылы рөлін арттыру, тұтынушылар дауын сотқа дейінгі сатыда қарамағаны үшін кәсіпкерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізу және басқа да түзетулер ұсынылып отыр, - деді спикер.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 50 866 өтініш түскені туралы осыған дейін жаздық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушылардың құқықтары қорғалып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын қаражат қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы