Түсірілім алаңында операторды атып алған актерге тағы бір айып тағылды

1 Ақпан 2023, 11:00
1225
Бөлісу:
Түсірілім алаңында операторды атып алған актерге тағы бір айып тағылды
Фото: AP Photo

Белгілі актер Алек Болдуинге «Ржавчина» сериалының түсірілімде оператор Галина Хатчинсты қасақана өлтірді деген айып тағылды,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Deutsche Welle-ге телеарнасына сілтеме жасап.

Нью-Мексико штатының бірінші сот округінің прокуроры Мэри Кармак-Олтвис Болдуинге қатысты істі қайта қозғаған. Ол алаңдағы қарудың қауіпсіздігіне жауапты Ханны Гутьеррес-Ридке ресми түрде айып тағылғанын айтты.

Бүгін біз Галина Хатчинс үшін әділеттілікті қамтамасыз етуде тағы бір маңызды қадам жасадық. Нью-Мексикода ешкім заңнан жоғары емес және әділеттілік орнайды, - деді Санта-Фе округінің прокуроры Кармак-Олтвис.

Өзгелердің жаңалығы