ТҰСАУКЕСЕР. «Жылдар жылнамасы»: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тәуелсіз шешімдер

9 Тамыз 2021, 12:30
14198
Бөлісу:
ТҰСАУКЕСЕР. «Жылдар жылнамасы»: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тәуелсіз шешімдер
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Бұл қайта жаңарған қазақ қоғамының жаңа белесі.

Халқымыз тарихында көтерілістер мен құлдырау, жеңістер мен жеңілістер аз болған жоқ. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік бәсекенің беделді қатысушысына айналдық. Тарихымызда жаңа беттер басталды.

«Жылдар жылнамасы» – халқымыздың өткені мен бүгінінің негізі болған оқиғалардың тізбегі, тарихи сәттердің куәсі.

Тәуелсіздік алғаннан бері әр жыл белгілі бір тақырыпқа арналып келеді. Мысалы, 1995 жыл – Абай жылы, 1996 жыл – Жамбыл Жабаев жылы, 1997 жыл – Саяси репрессия құрбандарын еске алу жылы, т.с.с. Аталған жоба аясында 30 жылдық тарихы бар еліміздегі атаулы жылдарға шолу жасап, атқарылған істер туралы баяндалады.

Жобамыздың тұсаукесер бағдарламасына 1991 жылдардағы егемендікке қол жеткізгенімізден бастап, 1994 жылдар аралығындағы тарихи оқиғалар қамтылды.

1991 жылы тамыз айында Кеңес Одағындағы төңкерістік әрекеттен кейін Кеңес үкіметі елдері бірінің артынан бірі тәуелсіздіктерін жариялай бастады. Осы жолда аянып қалмаған Қазақстан да 1991 жылдың 16 желтоқсанында егемендік туын тікті.

Мемлекеттік тарихшы мамандардан алған сұхбатымызда 1991 және 1992 жылғы оқиғалар, сонымен қатар 1993 және 1994 жылдардың саяси үдерістеріне тоқталамыз. Олар сол кездегі қоғамның, әлеуметтік жағдайлардың қалай үдегендігін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы