ТҰСАУКЕСЕР. Мен Ассамблеяның баласымын - Элина Масагутова

19 Тамыз 2023, 12:10
1549
Бөлісу:
ТҰСАУКЕСЕР. Мен Ассамблеяның баласымын - Элина Масагутова
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

BAQ.KZ ақпарат агенттігі кезекті жаңа жобаның тұсауын кесті. "Шаңырақ" - түрі өзге болса, тілі қазақша азаматтармен мемлекеттік тілде сұхбат құратын, сол арқылы қоғамға ой тастауды мақсат тұтатын жоба. Жоба негізінен елге танымал азаматтармен қатар, бұған дейін қалың жұртшылыққа беймәлімдеу боп келген жастар сөйлейтін алаң болмақ, көрерменге сонысымен де тартымды болуды көздейді.

"Шаңырақтың" алғашқы қонағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдык келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Элина Масагутова. 

Элина Сергеевна бұған дейін қазақ ішінде Элина Паули есімімен танымал болса, "Шаңырақ" жобасында алғаш рет жаңа есім-соймен, яғни, Элина Масагутова атымен сұхбат берді. Бұның себебін білу үшін бағдарламаны көріп шығыңыз:)

Элина Масагутова "Шаңырақ" жобасының алғашқы мейманы ретінде кездейсоқ таңдап алынған жоқ. "Қоғамдық келісім" РМ мекемесіне басшы боп келген жас маман жаңа қадамдарымен, тың шешімдерімен көзге түсе бастаған тұлға.

Сұхбат барысында Элина өзінің қазақ тілін игеру жолындағы қызықтары мен қиындықтарын және жаңа тілді тез меңгеру бағытындағы лайфкахтарымен бөлісті. Сондай-ақ, "Қоғамдық келісім" РММ тарапынан қолға алынған бірқатар жобалар төңірегінде терең әңгімелеп берді.

Айта кетейік, бұған дейін BAQ.KZ өзінің көрермендері мен оқырмандарына «Мен таңдаған мамандық» атты жаңа жоба ұсынған болатын.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы