Тұрсынбекова: Зорлықты жоюдың басты алғышарты – алдын алу

19 Тамыз 2020, 16:35
1808
Бөлісу:
Тұрсынбекова: Зорлықты жоюдың басты алғышарты – алдын алу

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Салтанат Тұрсынбекова "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның орындалуы – алдын алудан қатаң жазаға дейін" тақырыбында өткен онлайн семинарында айтты. 

Әйелдер мен балаларға жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылық көпғасырлық тарихқа ие. Кез келген зорлықты адамның құқық бұзуына жатқызуға болады. Ол миллиондаған әйел мен баланың өміріне, физикалық және психологиялық денсаулығына әсер етеді. Бұл тақырыптың өзектілігі ең жоғары мінберлерде көтерілді. 1993 жылы БҰҰ бас ассамблеясы әйелдерге қатысты зорлықты жою тұжырымдамасын қабылады, - деді Тұрсынбекова. 

Ол атап өткендей, 1999 жылы БҰҰ 25 қарашаны әйелдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылықты жою күні деп бекітті. 

Алайда, осында жоғары деңгейдегі талқылануға қарамастан, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық әлем бойынша әлі де өзекті болып отыр. Зорлықты жоюдың басты алғышарты - алдын алу. Сол үшін проблеманы анықтап, оның өршіп кетуін күтпей, орында шешу керек. Ол - әлеуметтік, еңбек тұрақсыздығы, отбасы құндылықтарының жойылуы, білім мен мәдениеттің төмен болуы, әлеуметтік оқшаулану, ақпараттың жетімсіздігі. Осы факторлар әлем бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың артуына себеп болып отыр, - деді ол. 

"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" жаңа заң жобасын жасаушылардың бірі Тұрсынбекова пандемия салдарынан енгізілген карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық шарықтап кеткенін айтты. 

Өзін-өзі оқшаулау жеке азаматтардың психологиялық-эмоционалдық күйіне әсер етті. Осыған дейін де даулар болған отбасылардың жағдайы қиындады. Осы кезеңде әйелдер мен балаларға мүмкіндігі шектеулі жандарға қауіп төнді. Оған жаңалықтар мен әлеуметтік желі куә болды. Алайда, проблема көктен түскен жоқ. 5 айда отбасылық зорлық-зомбылық саласындағы жағдай 25 пайызға артты, - деді ол. 

Айта кетейік, "Қазақстан ТДМ 16.1-ді" жүзеге асыру жолында бірқатар іс-шараны жүзеге асырып жатыр. Аталған семинар тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы