Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам дерті

28 Сәуір 2024, 08:51
2008
Бөлісу:
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам дерті
Фото: baq.kz

Қоғамда күн санап түрлі келеңсіз оқиға орны алуда. Ер мен әйел, ана мен бала арасындағы түсініксіз дау-жанжал соңы қайғылы оқиғаға әкеп, орны толмас зардап көрініс беруде. Мәселенің бәрін әлеуметтік жетіспеушілікке жауып, құқықтық, заңдық жауапкершілік алмайтын күш көрсетуші топтардан осал жандарға жасалынатын озбырлықтар тыйылар емес. Дегенмен елде соңғы уақытта бұл бағытта ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Тіпті мемлекет заңмен қорғайтын тиісті заң жобасын бекітті. Десек те, заң мен заман адам пиғылын өзгерте алады ма? Осы орайда Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының заңгері Айдана Сатылғанқызымен сұхбат өрбіттік.

– Бүгінгі күнге дейін біздің елде отбасындағы жанжал, тұрмыстық күш көрсету қылмыс деп саналған жоқ. Әсіресе қазақ отбасындағы, қазақ әйелдерінің отбасында зорлық-зомбылық көруі қалыпты дүниедей көрініс беріп келді. – Айдана Сатылғанқызы, әңгіме төркінін әріден бастайық. Қазақ қашанда қызын құрметтеген, анасын ардақтаған халық. Бірақ бізде қазір неге осы ұғым арзандап кетті?

– Иә, дұрыс айтасыз, халқымыз қыз баласын жылатпаған. Төрін беріп, қызды қонақ деп құрметпен қараған. Ізетті келін, ардақты ана деп сыйлаған. Қазіргі таңда жеке баспананың болмауы, жұмыссыздық, табыстың аздығы, жалдамалы жұмыспен күндік өмірін жетер-жетпестікпен амалдап жүрген азаматтардың әлеуметтік жағдайына байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық көбінесе орын алады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам дерті. Бала тәрбиесінде де ұлттық болмысымыз босап, қазақи тәрбиеміздің құндылығы ақсап бара жатқаны өкінішті. Әйелге тұрмыстық күш көрсетпек түгілі, титтей де кінә тақпайтын дені сау ұлт болсақ деймін.

– Сіздіңше, бүгінгі қарапайым қазақ әйелі қандай? Ол қазіргі заман талабына сай ана, әйел, жар болуға тырысып бағуда. Бірақ нәтиже неге теріс кетіп жатыр?

– Қазіргі уақытта қазақ әйелдері заман талабына сай өз білімдерін жетілдіріп, арнайы курстарды оқып, шағын болсада өз кәсіптерімен айналысуда. Бір ғана көзқараспен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себебі мынау деп дөп басып айтуға болмайды. Жанжал бір жақтан туындамайты рас. Отбасында отағасының ішімдікке, есірткіге, құмар ойынына деген тәуелділіктің салдары немесе отбасындағы адал жарының көзіне шөп салудың арты шаңырақтың шайқалуына алып келіп жатыр.

Бұл орталық қашан ашылды?

– «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі(әрі қарай – Орталық) 2014 жылдың 22 қазанында Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен 25 төсек-орын болып ашылды. Қызмет алушылар санының көптігіне байланысты 2018 жылы 01 қаңтар айынан бастап 27 төсек-орынға кеңейтілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көген әйелдермен олардың кәмелетке толмаған балалардың саны жылдан-жылға артуына байланысты 2024 жылдың 6 наурызынан бастап 51 төсек-орынға ұлғайтылды. Сондай-ақ 2017 жылы Үкімкт сағатында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге қолдау көрсететін әлеуметтік-пихологиялық кеңес беру кабинеттерін ашу туралы тапсырмасына сәйкес 2017 жылы Шу ауданында, 2020 жылы Жуалы, Меркі, Сарысу аудандарында, 2021 жылы Тараз қаласында ауысымдық кезекшілікпен жұмыс атқаратын психологиялық кеңес беру кабинеті және 2023 жылы Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Жамбыл, Байзақ, Т.Рысқұлов, Талас, Мойынқұм аудандарында әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинеттері ашылды. Онда 1 бірлік психолог, 1 бірлік әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жұмыс істейді. Күнделікті 8 сағатпен, аптасына 5 күндік жұмыс режимімен қызметтерін атқарады. Сенім телефоны бойынша 24 сағат байланыста болады.

Орталықтың мекен-жайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Асанбай Асқаров көшесі, 20 үйде орналасқан. Жұмыс тәртібі тәулік бойы 24/7 сағат, демалыссыз жұмыс атқарады.

2024 жылдың 3 айында (қаңтар, ақпан, наурыз) айында көрсетілген әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлеріне тоқталсам:

Әкімшік іс бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазылған арыздар бойынша 1 қ/а сот отырысында жолдасына кешірім беріп, медияция тәртібінде қаралып, іс қысқартылды. Ал 1 қ/а жолдасы 15 тәулікке, 1 қ/а 5 тәулікке қамаққа алынды.

Қылмыстық іс бойынша 1 қызмет алушының заңды некедегі жолдасы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiруіне байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 106 бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, «Сенім хат» бойынша тергеуге амалдарына және қылмыстық сот отырыстарынамекеме заңгерімен бірге қатыстырылды.

Жамбыл облысының Тараз қаласының N2 сотының ағымдағы жылдың қаңтар айында күдікті өз кінәсін толық мойындап, кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға дейін жазсын орташа деңгейдегі түзету мекемелерінде өтеу туралы сот үкімі шықты. Наурыз айында осы іске қатысты жазасын жеілдету туралы Жамбыл облыстық облыстық сотына жазасын өтеуші арызыбен жүгінді. Іс қайта қаралып, жазасын жеңілдету туралы арызы қанағаттандырылмады. Қазіргі таңда жоғарғы сотқа жүгініп отыр.

Азаматтық істер бойынша:

5 қызмет алушының «Неке бұзу туралы» жазылған талап арызы соттың іс жүргізілуіне қабылданып, азаматтық істі қозғау туралы сот Ұйғарымымен таныстырылды. Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сұқбаттасуға және алдын ала сот отырыстарына қатыстырылды. Отбасын сақтап қалу үшін судья татуласуға мүмкіндік беріп, істі 1 ай мерзімге дейін ұзартты.

2 қызмет алушының «Неке бұзу туралы» талап қоюы қанағаттандырылып, некесі сот шешімімен бұзылды.

5 қызмет алушының «Сот бұйрығымен алимент өндіру туралы» арыз бойынша сот бұйрығы шықты. Сот орындаушыларына арнайы есеп шоттары өткізілді.

2 қызмет алушының «Бала 3 жасқа толғанға дейін асырап бағу үшін алимент өндіру туралы» жазылған талап арыз бойынша соттың іс жүргізілуіне қабылданып, азаматтық істі қозғау туралы сот Ұйғарымымен таныстырылды. Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сұқбаттасуға және алдын ала сот отырысына қатыстырылды.1 қызмет алушының талап арызы қанағаттандырылып, Бала 3 жасқа толғанға дейін асырып бағу үшін алимент өндіру туралысот шешімі шықты.

1 қызмет алушыға азаматтық істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау үшін «Алимент өндіру туралы» жазылған талап арызы бойынша сот Ұйғарымымен таныстырылды.

1 қызмет алушының «Баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы» жазылған талап арызы бойынша соттың іс жүргізілуіне қабылданып, азаматтық істі қозғау туралы сот Ұйғарымымен таныстырылды.

Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына онлайн түрде сұқбаттасуға және алдын ала сот отырысына қатыстырылды.

1 қызмет алушының үй жағдайында босанған баласыныің тегін анықтау үшін «Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызы» жазылып, соттың іс жүргізілуіне қабылдау туралы Ұйғарыммен таныстырылды. Қазіргі таңдаазаматтық ісі жабық түрде сот өндірісінде қаралып жатыр.

Сондай-ақ,2 қызмет алушының 2017жылы және 2019 шығарылған алимент өндіру бойынша сот бұйрықтврының дубликатын алу үшін «Сот кабинеті» арқылы Тараз қалалық сотына және Жамбыл аудандық сотқа өтініш жолданып, алимент өндіру туралы сот бұйрығының дубликаттары алынды.

«Жеке сот орындаушылар палатасына» алиментті қайта өндіру туралы 3 қызмет алушыныңарыз жазылды. Қазіргі уақытта жеке сот орындаушысы өндіріске алды.

Жалпы: 6 қызмет алушыларға 28әлеуметтік-құқықтық қызмет түрі көрсетілді.

«Сенім телефоны» бойынша 18 әйелге әртүрлі құқықтық кеңес берілді.

– Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қандай шаралар атқарып келесіздер?

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қ.Мажикеновтың келісімімен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстарды алдын-алудаға акциясы» жоспарын Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров бекітті. Қазіргі таңда Орталықтың қызметкерлері және Орталық жанынан ашылған Тараз қаласындағы психологиялық кеңес беру кабинеті және Шу, Мойынқұм, Меркі, Сарысу, Жуалы, Т.Рысқұлов, Байзақ, Талас, Жамбыл аудандарындағы әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинетінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау, білім бөлімдерімен бірлесіп, әйелдер мен балалардың отбасына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, қатыгездік саласындағы проблемаларға баса назар аударып, отбасындағы зорлық-зомбылықтың себебін талдау бойынша 3 айлық акция аясында жұмыстар атқарылуда.

– Елде соңғы кезде отбасында болатын зорлық-зомбылық неге көбейіп кетті деп ойлайсыз? Сіздіңше, бұл бұрыннан бар мәселе боп, енді ғана енді шеті шыға бастады ма?

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгін, кеше ғана пайда болған жайт емес. 2023 жылғы статистикалық көрсеткішке сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтардың санына тоқталсам, жалпы 162, оның ішінде 42 әйел, 120 бала. Ал ағымдағы жылдың наурыз айына дейін орталыққа әлеуметтік көмек алуға жүгінген азаматтардың саны жалпы 208 азамат, оның ішінде 56 әйел, 152 бала. Бұрынғы шенеуніктің әйелі Салтанат Нукенованың отбасындағы жанжалдан қаза тапқаннан соң заң қатайып, қолға алынды деген түсінік ел ортасында талқылануда. Мүлдем олай емес. Заң шығару үшін құқық қорғау органдарынан, уақытша тұру ұйымдарының статистикалық көрсеткіштерді талдап, анықтап, зорлық-зомбылықтың алдын алу, жою мақсатында заң жобасы жасалынып, жан-жақты зерделеніп, қаралады.

– Аймақта сіздердің орталық секілді басқа қолдау көрсететін орталықтар бар ма?

– Жамбыл облысы Тараз қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған мемлекеттік осы біздің 51 төсек-орынды және Қордай ауданында мемлекеттік 21 төсек-орынды орталық бар.

Мемлекеттік емес «Аналар үйі» бар, бірақ ол жердің ішкі талаптарына сәйкес 1,5 жасқа дейінгі және 30 жасқа дейінгі жас аналарды ғана қабылдайды. Қазақстан бойынша 49 дағдарыс орталығы бар. Оның 14 аудандық аймақта болса, 32 қала орталығындв орналасқан. Еліміздің әр аймағында мемлекеттік және әйелдерге арналған дағдарыс орталықтары бар.

Жалпы сіздер тек қолдау көрсетіп қана қоймай, ары қарай заң жүзінде, құқықтық сипатта жетекшілік жасайсыздар ма зорлық көрген әйелдерге?

– Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 Бұйрығының 6-қосымшаға сәйкес «Халықты әлеуметтік қорғау саласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты» бойынша қызмет алушылар 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылады.

әлеуметтік-тұрмыстық;

әлеуметтік-медициналық;

әлеуметтік-психологиялық;

әлеуметтік-педагогикалық;

әлеуметтік- еңбек;

әлеуметтік-мәдени;

әлеуметтік-экономикалық;

әлеуметтік-құқықтық.

Сондай-ақ осы стандартқа сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша тәулік бойы (6 ай мерзімге дейін)немесе күндіз болуға (күніне 2 сағаттан 6 сағатқа дейін) арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерін көрсетеді.

Стандартқа сәйкес әлеуметтік-құқықтық қызметтер түріне тоқталсам, қызмет алушыларға азаматтық, отбасылық, мүліктік және заттық құқықтармен, құжаттарды қалпына келтірумен, алименттерді, келтірілген залал үшін өтемақы өндіріп алумен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырумен байланысты мәселелер бойынша заңдық консультация береді. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер бойынша Әлеуметтік кодекске сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдеседі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тергеп-тексеру, сот өндірісі және оны атқару шеңберінде құқық қорғау, сот органдарымен ынтымақтасуға жәрдемдеседі. Сондай-ақ қызмет алушының заңдық маңызы бар құжаттарды ресімдеуге көмектесу, келген жері бойынша тіркеу және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру, ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру органдары мен мекемелеріне арыздар (өтініштер, апелляциялар) дайындауда және беруде көмек көрсетеді және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініштер дайындауға және беруге көмек көрсетеді. Қызмет алушылардың мүдделерін білдіруге сенімхаттарды ресімдейді. Қылмыстық сот-тергеу органдары мен мекемелерінде көрсетілетін қызмет алушылардың мүдделерін білдіреді.

Осы орталық ашылғалы бері қанша адам жүгінді көмекке, тек әйелдер қауымы ғана ма көмекке жүгінетін?

Иә, көбінесе әйел азаматтары хабарласып, көмекке жүгінеді және жәбірленушінің ата-аналары, туыстары хабарласып көмек сұрайды.

2014 жылдың қазан айынан бастап 2024 жылдың 25 сәуіріне дейін орталыққа 1267 қызмет алушы қабылданды. Оның ішінде 384 әйел, 883 бала. 2022 жылы орталыққа 208 қызметалушы қабылданса, оның ішінде 53 әйел, 155 кәмелет жасына толмаған балалар. 2023 жылы орталыққа 160 қызметалушы қабылданса, оның ішінде 42 әйел, 118 кәмелет жасына толмаған балалар. 2024 жылы орталыққа 38 қызметалушы қабылданса, оның ішінде 10 әйел, 28 кәмелет жасына толмаған балалар.

Әлеуметтік көмек көрсету орталығының «Сенім телефондары» 45-59-57, ұ.т. 8 707 463 06 23; 8 708 590 96 04 тәулік бойы жұмыс істейді. 2014 жылдың қазан айынан 2024 жылдың 25 сәуір айына дейін Орталықтың сенім телефоны арқылы жалпы 1951 азаматшаларға әртүрлі сұрақтары бойынша кеңес берілді.(Ағымдағы жылжың бүгінгі күнге дейін Сенім телефоны арқылы 85 азаматшадан қоңырау түсті).

Орталықта зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту және психологиялық қолдауға қатысты жүйелі бағдарламаларды атап өтіңізші?

– Қолданыстағы стандартқа сәйкес қызметтерді алушылардың психологиялық жай-күйіне қарай әлеуметтік-психологиялық қызметтер түрі көрсетілкді. Атап айтқанда:

- тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру;

- әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі түрде қадағалау);

- психологиялық-профилактикалық жұмыстар атқару;

- психологиялық консультация беру;

- шұғыл психологиялық көмек көрсету;

- психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қатынаста

болу, тыңдау, сергіту, белсенділікке ынталандыру;

- психологиялық тренингтер жүргізу;

- психологиялық түзету жасау;

- өзара қолдау көрсету топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткізу;

Айдана Сатылғанқызы, өзіңіз де ең алдымен нәзік жансыз, анасыз. Біздің қоғамда қазір көп нәрсені әйелге жүктеп қою көрініс береді. Бұл онсыз да үйдің жұмысы, түздің жұмысын қатар алып жүрген әйелдерге психологиялық тұрғыдан жүк емес пе?

– Иә, дұрыс айтасыз. Қазіргі әйел заты өзінің бойына көп жауапкершілік пен міндеттерді артып алған десе де болады. Мысал ретінде өзім үш баланың анасымын. Жолдасым әскери қызметкер. Жұмыс бабымен Алматы облысы, Сарыөзек ауылына кетті. Отанымыздың тыныштығын бағып, өз отбасынан алыс жүр. Балаларымның денсаулығына байланысты мен осы Тараз қаласында балаларыммен бірге қалдым. Үйдегі бала тәрбиесі, үй тіршілігі, жұмыс, күнделікті балалардың сабағына, балабақшасына, қосымша үйірмелеріне апару, ата-аналар жиналыстарына қатысу, тағысын тағы басқа да күнделікті тіршілікпен өзім айналысамын. «Әйелдің қырық жаны бар» деп бекер айтпаса керек. Бұрын әйел заты тек үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысып, ерін күткен. Ал қазіргі қоғамда әйел азаматтары ер азаматтарымен бірдей-ақ еңбек етіп, үй шаруасын да, бала тәрбиесімен де айналысады. Бірақ бала тәрбиесіне уақыт тапшы. Менің ата-анам да қызметте болды. Сол уақытта бізді ата-әжеміз қарап, күнделікті тіршілікте еңбекпен баулып, ақыл-өсиетін айтып, тәрбені бойымызға сіңірді. Қазіргі уақытта немере бағатын ата-әжелеріміз санаулы ғана. Әркім өз баласын бақсын деп қарай бермейтіні рас.

Өз тараптарыңыздан жұмыс орындарына, әсіресе әйелдердің басым көпшілігі жұмыс істейтін мектеп, аурухана және тағы басқа мекемелерге әйел құқы жайында ақпараттық қолдау, түсіндіру жұмысын жүргізесіздер ме? Әлде тек орталыққа келген адамға ғана көмек бересіздер ме?

– Орталықтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, аймақтардағы әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинеттерінің мамандары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, денсаулық сақтау, білім бөлімімен, жергілікті атқарушы органдармен бірге жоғарғы оқу орындарында, мектеп, колледж, емханалар мен әскери бөлімдерде, алыс аймақтағы тұрғындарға түсіндірме жұмыстары ай сайын жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Бүгінде зардап шеккен әйелдер сіздерге қалай келеді, анонимді хабарламалар түссе қандай әрекет жасайсыздар?

– Орталыққа тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдер және олардың кәмелетке толмаған балалары сенім телефоны арқылы, жергілікті полиция қызметкері арқылы және денсаулық сақтау, білім бөлімі, жергілікті атқарушы органдар арқылы келеді. Қолданыстағы стандартқа сәйкес қызметтерді алушылар ішкі істер органдарына өтініш беруден бас тартқан жағдайда уақытша болу және тұру ұйымдары өз бетінше үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың дербес деректерінің құпиялылығын ескере отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты заңға қайшы әрекет фактісі бойынша келіп түскен өтініш туралы ішкі істер органдарына ақпарат жібереді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңының 25-бабына сәйкес, жергілікті полиция қызметкері жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтауға тиіс. Сондай-ақ жәбірленушілердің жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтер құпия ақпарат болып табылады және жария етуге жатпайды және қызмет бабына байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі мәлім болған адамның құпия ақпаратты жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Айдана Сатылғанқызы, уақыт бөліп маңызды ой өрбіткеніңізге рахмет.

Өзгелердің жаңалығы