Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды

4 Қараша 2020, 20:47
1451
Бөлісу:
Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Әділет министрлігінің алаңында онлайн-форматта адам құқықтары мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс тобының кездесуі өтті.

Кездесуге әділет министрі М.Б. Бекетаев, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Уильям Мозер, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ш. Қожаев, сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Н. Ашықбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукенов, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш. А. Байманов қатысты.  

Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, қатысушылар адам саудасына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.

Кездесуге қатысушылардың барлығы адам құқықтары мен бостандықтарын, отбасының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы