Түрмеге заңсыз тасымалданатын заттар: пышақ, есірткі, ұялы телефон

18 Қазан 2020, 20:22
2034
Бөлісу:
Түрмеге заңсыз тасымалданатын заттар: пышақ, есірткі, ұялы телефон

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2  түзеу мекемесінде Ақтөбе қаласының Ұлттық ұланы №6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, мекеменің жеке құрамы және мүдделі құқық қорғау органдарының қатысуымен жалпы тінту іс-шарасы өткізілді.

Сонымен қатар, мекемедегі сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, жалпы тінту іс-шарасына облыстық Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Бақтығұл Қанатов пен өңірдегі Ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Гүлнұр Едігеева және Ақтөбе облыстық прокуратурасының өкілдері қатысты.

Сондай-ақ,  аталған іс-шараның заңдылығын сақтау үшін, шара барысындағы барлық іс-әрекеттер мекемедегі бейнебақылау құрылғыларына жазылып алынды және алып жүруге арналған бейнекамералар мен бейнежетондарға түсірілді.

Жалпы тінту іс-шарасы басталар алдында, түзеу мекемесінің медицина қызметкерлері оған қатысушылардың дене қызуына термобақылау арқылы тексеріс жүргізіп, санитариялық талаптардың сақтауын (қорғаныш бетперделері мен қолғаптарды кию және антисептиктердің болуы) жіті қадағалады.

Шара соңында Облыстық Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Бақтығұл Қанатов, жоспарлы тінту іс-шарасы кезінде сотталғандар тарапынан шағымдар түспегенін және аталған іс-шараның барлық заңдылықтарды сақтай отырып, өткізілгенін айтты.

Жүргізілген жалпы тінту іс-шарасы нәтижесінде, КА-168/2 түзеу мекемесінен 10 ұялы телефон, 9 зарядтағыш құрал, 7 құлаққап, 7 сим карта және сотталғандар арасында қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін 14 түйрегіш-кескіш заттар (пышақтар, қолдан жасалған кескіштер және т.б.) анықталды. Тыйым салынған заттардың басым бөлігі металл детектор, "Қырағы көз", "Cayman"секілді арнайы құрылғылардың арқасында тәркіленді.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Алмас Шамишевтің айтуынша, түзеу мекемелеріндегі мекеме қызметкерлері карантин жағдайында да тыйым салынған заттардың мекемеге ену арналарын анықтау мен жолын кесу жұмыстарын тоқтатқан жоқ.

Мысалы, жыл басынан бастап, жоспарға сай мекемеде жүргізілген күнделікті немесе кенеттен жоспардан тыс тінту іс-шаралары кезінде, мекеме аумағынан 40 ұялы телефон табылса, оның 14-і сотталгандардын өздерінен, ал 26 данасы тыйым салынған заттарды іздеуге арналған құрылғылардын көмегімен мекеме аумағынан табылды.

Мекемеге есірткі тасымалдау әрекеті де толастамай тұр. Жыл басынан бері мекеме аумағында 156,78 грамм есірткі тәркіленсе, оның 57,61 граммын сотталғандардың туыстары азық-түліктің арасына жасырып кіргізбек болған, ал 99,17 грамм есірткі - мекеменің сыртқы негізгі қоршауынан лақтыру кезінде жолы кесілді.

Осы ретте, мекеме қызметкерлерінің қызметіне кедергі келтіріп, заңбұзушылық әрекеттерге барған азаматтар да жазасыз қалмады: тыйым салынған заттарды жазасын өтеуші сотталғандарға жеткізбек болған 2 азамат - қылмыстық, 13 азамат - әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал жалпы тыйым салынған заттарды мекемеде пайдаланғаны үшін 23 сотталған тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, жыл басынан бастап, сотталғандар арасында 240 құқықбұзушылық анықталса, оның 57-сі қасақана бұзушылық болып табылды. Бұл ретте мекеме тәртібін бұзған, яғни режимге бағынғысы келмеген аталған сотталғандар тәртіптік жазаға тартылды.

Жалпы тінту іс-шарасын жүргізудегі мақсат- мекемедегі сотталғандар арасында тыйым салынған заттарды анықтау, ескерту және тыйым салынған қауіпті заттармен сотталғандар арасында болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың немесе төтенше жағдайға соқтыруы мүмкін жағдайлардың алдын алу болып табылады, - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Алмас Шамишев.
Өзгелердің жаңалығы