Түрме адамды сирек тәрбиелейді. Шпекбаев жемқорларды жазалаудың жаңа әдісін ұсынды

29 Қаңтар 2021, 10:51
7799
Бөлісу:
Түрме адамды сирек тәрбиелейді. Шпекбаев  жемқорларды жазалаудың жаңа әдісін ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев агенттіктің 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында айтты. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы үш пакеттің жалғасы ретінде жақын арада төртіншісі әзірленетін болады, оның ішінде заңсыз баю үшін жауапкершілікті енгізу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, «integrity check» кәсіби сатылмаушылығына тестілеуді енгізу, параны уәде  ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірнеше еселенген айыппұлдарды жою, - деді ол. 
Шпекбаев түрме адамды сирек тәрбиелейтінін айтып, ЭЫДҰ (ОЭСР) елдерінде жемқорларды негізгі немесе қосымша жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға тартуы кездейсоқ емес екенін жеткізді. 
Мысалы, Ұлыбританияда сотталғандарға «қоғамның қарызын қайтару» деген жазуы бар кеудеше кигізіп, оларға көше жұмыстарын жасатады. Писхологиялық тұрғыдан бұл тәсіл біршама тиімді әрі қоғам зиянкес қылмыскерлерді танитын болады. Орта және орташа ауыр жемқорлық қылмыстары үшін қоғамдық жұмыстарға тарту қылмыстық заңнамамен реттелгеніне қарамастан, Қазақстанда соттар мұндай жазаны мүлдем тағайындамайды. Менің ойымша, ең алдымен, күшті алдын алу әсері тұрғысынан бұл институтты күшейту қажет, - деді А.Шпекбаев.

Сондай-ақ, Шпекбаев басшы лауазымдағы шенеуніктер мен оның отбасы мүшелеріне қатысты пікір айтты.

Біз тек шектеу шараларымен шенеуніктердің сән-салтанатқа толы өмірге құмарлығын жоя алмайтынымызды түсінуіміз қажет. Қымбат шипажайларда отбасылық суретке түсу, бренд дүкендерден шоппинг жасау, қымбат көлік міну – бір сәтте әлеуметтік желілерде таралып, халықтың заңды сынына ұшырайды. Дана халқымыз «Ұлық болсаң, кішік бол» деп бекер айтпаған. 

Қарапайымдылық пен кішіпейілділік – мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының қалтқысыз қағидасына айналуы тиіс. Бұл, ең алдымен, басшы лауазымдағы шенеуніктер мен оның отбасы мүшелеріне қатысты. 
Біз барлық қоғамды жұмылдыра отырып, бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуіміз қажет, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы