Түрлі ұлт өкілдері қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап, өнер көрсетті

26 Қазан 2022, 19:09
1155
Бөлісу:
Түрлі ұлт өкілдері қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап, өнер көрсетті
PHOTO

Алматыда «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты музыка фестивалі өтті,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған қазақ ұлттық аспаптарын жетік меңгеріп, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін әртүрлі ұлт орындаушылары қатысты.

Атап айтқанда, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында Олег Никитин домбырада Құрманғазының «Адай» күйін, Бабек Иылдырым қобызда «Қаракемер» күйін орындап, халықты тәнті етті.

Түрлі ұлт өкілдері қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап, өнер көрсетті

 Денис Яковлев халық әні «Екі жиренді», опера әншісі Ангелина Югай «Қуанамын» әнін, Роксана Құрбанова халық әні «Арман-айды» көрермендердің ерекше қошеметіне бөлене отырып орындады, сондай-ақ басқа да артистер тамаша өнер көрсетті.

Түрлі ұлт өкілдері қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап, өнер көрсетті

Концерттік бағдарлама Игорь Благодарныйдың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.

Түрлі ұлт өкілдері қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап, өнер көрсетті

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда тұратын этникалық топтар арасында қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру.

Түрлі ұлт өкілдері қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап, өнер көрсетті
Өзгелердің жаңалығы