Түрлі қаруларға арналған 129 оқ-дәрі тәркіленді

9 Ақпан 2022, 22:02
1737
Бөлісу:
Түрлі қаруларға арналған 129  оқ-дәрі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел жағдайды оңтайландыру, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында 19 қаңтардан бастап елде  «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған көптеген қылмыстарды ашты, олар бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тонау кезінде ұрланған құнды заттар мен 35 түрлі қару тәркіленді.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  департамент қызметкерлері тек Алматы қаласында 6 иір ойықты, 15 тегіс ұңғылы, 4 пневматикалық қаруды, сондай-ақ 1 газ және 1 сигналдық тапанша тәркіледі. 

Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы барысында түрлі қаруларға арналған 129 бірлік оқ-дәрі тәркіленді. 

Мысалы, Жамбыл облысы Бұрыл станциясының жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттарды тексеру кезінде ішінде 7,62 мм калибрлі 60 патроны бар ыдыс табылды.

Әр түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Құқықтық тәртіп» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Барлық азаматтарға ескертеміз, егер сізде Ішкі істер органдарында тіркелмеген қару болса, оны ерікті түрде кез келген аумақтық полиция органына тапсыра аласыз. Бұл ретте қаруды өз еркімен берген адам қылмыстық, әкімшілік немесе қандай да бір өзге де жауапкершілікке тартылмайды. Сонымен қатар, азаматтарды қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға шақырамыз  –  қаруды немесе оның компоненттерін абайсызда қолдану өміріңіз бен денсаулығыңызға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы