Бұл туралы Қызылорда облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Басқармаға қарасты Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейінде жұмыс істеген мұғалімдер ақысыз демалыс алған күндерінен бөлек, 2-5 жұмыс күндері аралықтарында белгісіз себептермен, ескертусіз жұмыстан қалған, - деді білім басқармасы.
Осы себептен мұғалімдер ҚР Еңбек кодексінің 49 бабы, 5 тармағына сәйкес өз арыздары бойынша жұмыстан босатылған.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов осы жағдайға қатысты түсініктеме берген болатын.
Ол күнделікті қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау мұғалімдер үшін үйреншікті әдетке айналуға тиіс екенін атап өтті. Оның сөзінше, өкініштісі, ғаламторда мұғалімдердің аталған принциптерді сақтамайтыны туралы ақпарат шығып тұрады.