Түркияның оңтүстік-шығысында жарылыс болды

4 Желтоқсан 2022, 18:34
1004
Бөлісу:
Түркияның оңтүстік-шығысында жарылыс болды

Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Шанлыурфа қаласында тұрғынүйде жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Anadolu агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, алдын ала деректер бойынша 4 адам зардап шеккен. 

 Оқиға Сүлейман Шах ауданындағы тұрғынүйдің бірінші қабатындағы жұмыс орнында болған.  

Оқыс жайт туралы хабар түскен соң ауданға полиция, өрт сөндіру бригадасы, AFAD (құтқарушылар) мен медициналық бригада жөнелтілді. Алдын ала деректерге сүйенсек, төрт зардап шегуші жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада. 

13 қарашада Ыстанбұлдың орталығындағы Истикляль көшесінде теракт орын алғаны белгілі. 6 адам қаза болып, 80-нен астам адам зардап шекті. Артынша күдікті қолға түсті. 

Өзгелердің жаңалығы