Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркияның оңтүстігінде 4,5 балдық жер сілкінді

24 Маусым 2025, 16:23
623
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Түркияның оңтүстігіндегі Адана қаласында 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Сейсмикалық белсенділік жергілікті уақытпен сағат 07:09-да Саимбейли ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, зілзаланың тереңдігі шамамен 7 шақырымға (6,96 км) жетеді.

Жер сілкінісінің дүмпулері тек Адана ғана емес, көршілес провинцияларда да сезілген. Алайда, Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликаяның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта ешқандай ауыр зардаптар тіркелмеген.

Саимбейли ауданында 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпулер көршілес аймақтарда да сезілді. AFAD және басқа да тиісті қызметтер жағдайды тексеру жұмыстарын бастап кетті. Әзірше салдары анықталған жоқ, – деді министр ресми мәлімдемесінде.

Сондай-ақ Ерликая жер сілкінісін сезінген тұрғындарға қолдау білдірді.

Жер сілкінісін сезінген барлық азаматтарға тезірек қалыпқа келуді тілеймін. Алла елімізді апаттан сақтасын, – деп жазды ол.

AFAD мамандары ахуалды бақылауды жалғастырып жатыр. Қауіптің алдын алу үшін мобильді топтар дайындық үстінде.

Айта кетейік, Түркияда бұған дейін де бірнеше рет жер сілкінісі болғанын хабарлаған болатынбыз. Мәселен, 15 мамыр күні Анкараның оңтүстігінде орналасқан Конья провинциясының Кулу ауданында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды.

21 мамырда болса, түнгі сағат 01:36 шамасындаТүркияда жер сілкінісі тіркеліп, оның дүмпулері Ыстамбұл қаласында анық сезілген болатын.

Сондай-ақ, 2 маусым күні Түркияның Эгей теңізіндегі жағалауында магнитудасы 5,8 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті.

Өзгелердің жаңалығы