Түркияның келісімін күтіп отырмыз. Министр екі ел арасынадағы жоба туралы айтты

12 Қазан 2022, 16:49
951
Бөлісу:
Түркияның келісімін күтіп отырмыз. Министр екі ел арасынадағы жоба туралы айтты

Түркия компаниялармен бірге 9 зауыт салынып жатыр. 3 зауыт осы жылдың соңына дейін ашылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осылай де мәлім етті, - деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда түрік компаниялары жер қойнауына да қызығушылық танытып отыр. 7 компания жұмыс істеп жатыр. Түркияның тағы 3 ірі компаниясы никель және басқа да кен орындарына қызығушылық білдірді. Еліміздің Каспийдің үстімен өтіп, Әзербайжан, Грузия арқылы өтетін транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша, жұмыс істеп жатырмыз. Қандай инфрақұрылымдарды жаңғыртуымыз керек, қандай жұмыстар атқаруымыз қажет сол бойынша келісімшарт дайындап, түрік елін күтіп отырмыз.  Қалған елдермен инфрақұрылым жасауға қатысты келістік. Осындай ірі-ірі жобалар іске асырылып жатыр. Сондықтан бүгінгі күнді ерекше деп санап отырмын. Өйткені, өткен кездесуде мемлекет басшылары көп тапырмалар берді, көпшілігі іске асырылды. Бүгін қандай жобалар іске асырылғанын баяндаймыз, - деді Индустрия министрі.

Министр өз сөзінде, Астана арнайы экономикалық аумағында бірлескен бір зауыт салынып жатқанын, құрылысы  осы жылдың қараша айында аяқталатындығын атап өтті.

Бір зауыт деп санағанымыз, ішінде төрт түрлі өнім шығаратын өндіріс ошақтары бар. Онда медициналық төсек-орын, кресло және басқа да заттар шығарылады, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Өзгелердің жаңалығы