Түркияның Есірткіге және ҰҚ қарсы күрес жөніндегі академиясымен бірлескен семинар өтті

20 Желтоқсан 2021, 22:57
1156
Бөлісу:
Түркияның Есірткіге және ҰҚ қарсы күрес жөніндегі академиясымен бірлескен семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада Кеңестің жаңа штаб-пәтерінде Түркияның Есірткіге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық академиясымен бірлесе семинар өтті. 

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Оқу курсы контрабанда қылмыстарының алдын алуға бағытталған. 

Кеңеске былтырдан бері төрағалық етуші мемлекетімізге артылған жауапкершілік жүгі мол. Мұны төрағалық ету мерзімінің 2024 жылға дейін ұзарту жоспарына да қарап аңғаруға болады.

Айта кеткен жөн, қауіпсіздік, экономикалық, экологиялық, адами және әскери салаларда жұмыс істейтін Азия кеңесіне 27 мемлекет мүше. Келер жылы 30 жылдығы атап өтіледі.

Осы мерейтойға ең үлкен тартуымыз неғұрлым көбірек шара өткізсек, соғұрлым мүше мемлекеттер арасындағы сенім нығаяды. Сенім нығайса, ынтымақтастыққа жол ашылады. Сөйтіп, ынтымақтастық ашылған жерде ол жерде қауіпсіздік орнайды деген мақсат, – деді Азия кеңесінің атқарушы директоры Қайрат Сарыбай.

Бүгін Түркиядан 3 маман келді. Олардың негізгі мақсаты – қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасу. 

Семинарға көптеген елдің өкілдері онлайн форматта да қатысты. Түркия үшін Қазақстанмен салааралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту аса маңызды, – деді Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Экиджи.

Өзгелердің жаңалығы