Түркияның 3 аймағында орман өртенді

16 Шілде 2023, 15:31
1028
Бөлісу:
Түркияның 3 аймағында орман өртенді
Фото: Habertürk

Түркияның Чанаккале провинциясында ірі орман өрті шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа температурасының маусымдық нормадан жоғары көтерілуі Түркияда орман өртін күшейтті. Османие, Кахраманмарас және Чанаккале провинцияларындағы өрт әуеден және құрлықтан сөндіріліп жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, желдің әсерінен азғантай уақыт ішінде өрт күшейген. Облысқа аранайы жасақ жіберілген.

Өртті сөндіруге 10 тікұшақ, 7 ұшақ, 46 жаңбырлатқыш және 363 адам жұмылдырылды.

Сонымен бірге Чанаккаледегі Гөкчеада ауданындағы орман аймағында кеше басталған өрт 16 сағаттай жалғасып, әуе және құрлық топтарының араласуымен бақылауға алынды.

Желдің әсерінен өршіген өртке Чанаккале орман шаруашылығының бригадалары 8 минуттың ішінде жетті.

Кахраманмараш облысының 3 ауданындағы орман өрттері де бақылауға алынған.

Өзгелердің жаңалығы