Түркиялық кәсіпкер: Қазақстан экономикасы өте қарқынды дамып жатыр

28 Қараша 2023, 11:18
1124
Бөлісу:
Түркиялық кәсіпкер: Қазақстан экономикасы өте қарқынды дамып жатыр
Фото: автордан

Бұл туралы Hepsiburada компаниялар тобының Бас директоры Эмин Имер Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстандық бизнес тұрақты даму үшін» атты іс-шарада айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, ең алдымен Тұрақты даму мақсаттары бұл бизнес компаниялары үшін қайырымдылық емес, керісінше қосымша пайда әкелетін, бизнесті жетілдіретін бірден-бір құрал.

Себебі Hepsiburada компаниясы өзінің жұмысында тұрақты даму мақсаттарының негізгі тетіктерін негізге ала отырып, Түркияның электронды коммерция саласындағы жетекші компанияларының біріне айналды. Мысалы, әйелдер қауымдастығының әлеуетін нығайту және гендерлік теңдік мәселесі бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтсам, бастапқы кезеңде әйел кәсіпкерлердің үлесі 7% болса, қазір платформада 50 мыңға жуық әйел кәсіпкер бизнестерін дамытып жатыр, - дейді түркиялық кәсіпкер.

Ол компаниясында әйелдерге кәсібін дамытуға арнайы қолдау шаралары бар екенін айтты.

Қазақстан - экономикасы өте қарқынды дамып жатқан елдердің бірі. Мысалы Kaspi, Halyk bank, Fridom Finance сияқты ірі компаниялардың жұмысы жайлы хабардармын. Десе де бүгінгі іс-шараның басты мақсаты тек қана шикізат көздеріне тәуелді экономика және ірі компанияларға ғана емес, сонымен бірге жергілікті шағын бизнесті дамытушы кәсіпкерлерге көмек көрсету. Менің ойымша, Тұрақты даму мақсаттарының бірі - шағын кәсіп иелеріне тауарларын сыртқа шығаруына, бизнестің ұлғаюына қолдау көрсету жолдарын табу, - деп түсіндірді Эмин Имер.

Өзгелердің жаңалығы