Түркияға көмек. Жаңаарқалық оқушылар ерекше челлендж бастады

25 Ақпан 2023, 09:44
1042
Бөлісу:
Түркияға көмек. Жаңаарқалық оқушылар ерекше челлендж бастады
PHOTO VIDEO
Фото: "Оқушылар үйі" КМҚК

Ұлытаулық жас жеткіншектер зілзала салдарынан зардап шеккен Түркия халқын қолдау мақсатында «Алтын жүрек» атты челленджді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Түркияға көмек. Жаңаарқалық оқушылар ерекше челлендж бастады

Ұлытау облысы Білім басқармасының Жаңаарқа білім бөлімінің "Оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тәрбиеленушілері түрік бауырларымызға қолдау көрсету мақсатында «Алтын жүрек» атты челлендж бастады. Олар бауырлас елге ізгі ниетін білдіріп қана қоймай, көмек қолын созған қазақстандық құтқарушы тобына да алғыс білдірді.

Біздің жақын бауырларымыз, туыстас Түрік елі табиғи апаттан зардап шегіп, ауыр күндерді бастан өткеруде. Жаңаарқа ауданының «Оқушылар үйі» КМҚК бауырларымызға қолдау көрсету мақсатында «Алтын жүрек» атты челлендж арқылы біздің жүректен шыққан жылы сөздеріміз бен туыстық қолдауымызды жолдай отырып, көмек қолын созған Қазақстандық құтқарушы тобына да алғыс білдіреміз. Бұл қадамымыз туыстас бауырлармызға үміт сыйлап, жігерлендіреді деген үміттеміз. Челленджді іргелес орналасқан Б.Амалбеков атындағы ТМ және А.Сейдімбек ЖОББ мектептеріне жолдаймыз, - делінген мекеменің Instagram-дағы парақшасында.

Түркияға көмек. Жаңаарқалық оқушылар ерекше челлендж бастады
Өзгелердің жаңалығы