Түркияға көмек. Тоқаев Төтенше жағдайлар министрінің есебін тыңдады

9 Ақпан 2023, 12:28
1184
Бөлісу:
Түркияға көмек. Тоқаев Төтенше жағдайлар министрінің есебін тыңдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады,  деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Министр Президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы