Түркиядағы зілзала. Көмек беру жалғасып жатыр

20 Ақпан 2023, 20:13
1932
Бөлісу:
Түркиядағы зілзала. Көмек беру жалғасып жатыр
Фото: astanatv.kz

Ұлттық волонтерлер желісі Түркияға көмек жіберуді жалғастырып жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық волонтерлер желісі бүгін 8 тонна затты Қазақстандағы Түркия елшілігі арқылы Түркия Республикасына жолдады. Сондай-ақ  волонтерлер желісінің есепшотына 100,0 млн. теңгеден астам қаржы жиналған.

Өңірлер бойынша 660 тонна гуманитарлық көмек жиналып (Алматы қаласы 50 т., Алматы облысы 68 т., Ақтөбе облысы 11 т., Қызылорда облысы 3 т., Түркістан облысы 25 т., Шымкент 50 т., Жамбыл облысы 400 т., Павлодар 7 т., ШҚО 10 т., қалған өңірлер 30 т. астам), оның 500 тоннасы Түркияға жіберілген.

Этномәдени орталықтар да үлес қосып, 125 млн. теңге жинап берді. Этномәдени бірлестіктердің қолдауымен 54 млн 448 мың теңгені құрайтын тұрмысқа қажетті заттар жолданды.

Сонымен қатар,  Қазақстандағы Түркия елшілігі AFAD қорына қазақстандықтардан 3 млн. АҚШ долларына жуық қаржы түскенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы