Түркиядағы зілзала. Халықаралық донорлар конференциясы өтеді

12 Наурыз 2023, 16:18
1069
Бөлісу:
Түркиядағы зілзала. Халықаралық донорлар конференциясы өтеді
Фото: trt.net

20 наурызда Кахраманмараштағы жер сілкінісінен зардап шеккен халық үшін   «Халықаралық донорлар конференциясы» өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ TRT-ге сілтеме жасап. 

Түрік мекемелері ұйымдастыратын конференцияға Еурокомиссиясы төрайымы Урсула фон дер Ляйен мен ЕО-ның кезекті төрағасы Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон атсалысады. 

Еурокомиссиясының мәлімдемесінде конференцияның Еуроодаққа мүше мемлекеттер, үміткер елдер мен әлеуетті үміткерлер, көрші және серіктес елдер, Ресейді қоспағанда Үлкен жиырмалық елдерінің мшелері, Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі мүше мемлекеттері, Біріккен Ұлттар Ұйымы, халықаралық ұйымдар, гуманитарлық жәрдем ұйымдар және еуропалық қаржы мекемелеріне агшық екені жарияланды.

Еуроодақ және мүше мемлекеттер, Түркияға одан әрі көмек көрсету, Түркияның қалпына келтірілуі және қайта құруға көмектесу, Сирияға гуманитарлық жәрдемдерді арттыру, қалпына келтіру және оңалту үшін елеулі міндеттемелер алуға ниет білдіреді. Еуроодақ басқа халықаралық серіктестер мен жаһандық донорларды осы қиын уақытта залалдың көлеміне сәйкес міндеттемелер қабылдау арқылы Түркия және Сирия халықтарымен ынтымақтастық танытуға шақырады, - делінген конференция мәлімдемесінде. 

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон адам шығындары мен зардап шеккендерге қайғырғандарын атап, Еуропалық Кеңестің уақытша төрағасы Швецияның қалпына келтіру процесінде барынша қолдау көрсететінін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы