Түркиядағы зілзала: 12 күннен кейін үйінді астында жатқан ер адам аман-есен шығарылды

18 Ақпан 2023, 09:41
1379
Бөлісу:
Түркиядағы зілзала: 12  күннен кейін үйінді астында жатқан ер адам  аман-есен шығарылды
Фото: Elifaysenurbay

Түркияда 12 тәуліктен кейін тағы бір таңғажайып оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Хатай провинциясында үйінді астында жатқан ер адам 12 күннен кейін аман-есен шығарылды.

"Анадолу" агенттігінің мәліметінше, 45 жастағы ер адам 278 сағаттан кейін табылған. 

Айта кетейік, бұған дейін, Ыстамбұл мэриясы 318 ғимарат жер сілкінісі болса құлауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Бұл ғимараттарда 10 мыңға жуық адам тұрады. 

Еске салайық,  261 сағат өткенде үйінді астынан екі адам аман құтқарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы