Түркиядағы жер сілкінісі. Қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты

12 Ақпан 2023, 09:56
1164
Бөлісу:
Түркиядағы жер сілкінісі. Қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты
Фото: nv.ua

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкіністері 24,6 мыңнан астам адамның өмірін қиды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Түркияның вице-президенті Фуат Октайдың мәліметінше, Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 24 617 адамға дейін жеткен. Октай салынған ғимараттардың құлауына себеп болды деген күдікпен 113 адамға қатысты қамауға алу ордері шыққанын, ал тағы бір адам қамауға алынғанын айтты. 

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 балдық жер сілкінісі болғанын еске сала кетейік. Бұл Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, 1939 жылдан бергі ең күшті жер жеркінісі болды. Сол күні 7,6 балдық тағы бір жер сілкінісі болды. 

Жүздеген жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер елдің 10 провинциясында және көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Өзгелердің жаңалығы