Түркиядағы сайлау: екінші кезеңдегі дауыс беру басталды

28 Мамыр 2023, 12:32
1202
Бөлісу:
Түркиядағы сайлау: екінші кезеңдегі дауыс беру басталды

Түркияда президент сайлауы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін басталған екінші кезеңде қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған өзінің қарсыласы, оппозициялық Республикалық халық партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароғлымен кездеседі.

14 мамырда өткен бірінші турда үміткерлердің ешқайсысы жеңіске жету үшін қажетті 50 пайыз дауысты жинай алмады (Ердоған – 49,5 пайыз, Кылычдароглу – 44,89 пайыз).

Екі үміткер де сайлауда жеңіске жететініне сенімді. Сауалнама деректері Ердоған мен Кылычдароғлының президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жету мүмкіндігінің тең дерлік екенін көрсетті.

Режеп Тайып Ердоған сайлаудың бірінші кезеңінен кейін командасы мен риторикасын өзгерткен жоқ, тек қарсыласына сынды күшейтті. Кемал Кылычдароглу науқанның штаб-пәтерін толығымен өзгертіп, екі аптаның ішінде имиджін түбегейлі өзгертуге тырысты. Кылычдароғлу үйден жазылған сабырлы бейне хабарламалардан әсіресе босқындар мәселесіне қатысты қатал риторикаға көшті.

Айта кетейік, Ердоған елді 20 жылдан бері басқарып келеді. Алдымен 2003 жылы премьер-министр қызметіне тағайындалса, 2014 жылдан бастап президент болды.

Өзгелердің жаңалығы