Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны мыңнан асты
755

Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 1014 адамға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл туралы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Юнус Сезер мәлімдеді.

Біз 2824 ғимараттың қирағаны туралы деректер алдық. Біздің 1014 азамат қаза тапты, - деді ол журналистерге.

Сонымен қатар, Түркияда табиғи апат салдарынан 2824 ғимарат құлады.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 912 адам қаза тауып, 5385 адам зардап шеккені туралы хабарлады.

Жер сілкінісі, атап айтқанда, Кахраманмараш, Газиантеп, Диярбакыр, Малатия және Адана провинцияларындағы үйлерді қиратты.

Ердоғанның айтуынша, бұл Түркиядағы 1939 жылдан бергі ең үлкен табиғи апат.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: dw.com
Өзгелердің жаңалығы