Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хаккари провинциясында бірден үш жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Адамдар Жаңа жылды көлікте, көшеде қарсы алуға мәжбүр болды.
Haber Global ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 4,4 балдық бірінші жер сілкінісінен кейін Түркия провинциясында тағы 3,5 және 4,5 балдық екі жер сілкінісі болған. Құрбандар мен инфрақұрылымға зақым келгені туралы мәлімет жоқ. T4 Haber арнасының хабарлауынша, бірнеше жер сілкінісінен кейін провинция тұрғындары үйлерін тастап кетуге шешім қабылдаған. Жылыну үшін көп адамдар от жағып, көшеде күтті.