Түркияда жер сілкінді

4 Қараша 2022, 14:29
1116
Бөлісу:
Түркияда жер сілкінді

Түркияның батысында магнитудасы 5,1-ге жеткен жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТАСС агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлім еткен. 

Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Цунами қатері болмаған. 

Жер сілкінісінің ошағы 2,5 млн адам тұратын Эгей теңізінің жағалауындағы Измир қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 5 шақырым тереңдікті құраған. 

Өзгелердің жаңалығы