Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

16 Тамыз 2021, 08:43
1977
Бөлісу:
Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Қара теңіз жағалауындағы су тасқыны салдарынан 64 адам қаза тапты, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, Кастамону провинциясында 54 адам, Синоп провинциясында 9 адам апат құрбаны болды, тағы бір адам Бартин провинциясында көз жұмды. 

Қазіргі уақытта емдеу курсын табиғи апаттан зардап шеккен 8 адам жалғастыруда. Түркияның солтүстігінде 11 тамызда толассыз жауған жаңбыр сел, көшкін және су тасқынына себеп болды. Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған су тасқынынан зардап шеккен аудандарды табиғи апат аймағы деп жариялады.

Өзгелердің жаңалығы