Түркияда қайтыс болған екі қазақстандықтың денесі Алматыға жеткізілді

12 Ақпан 2023, 11:32
1109
Бөлісу:
Түркияда қайтыс болған екі қазақстандықтың денесі Алматыға жеткізілді
Фото: Риа Новости

Түркияда қайтыс болған қазақстандықтар Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің денесі 11 ақпан күні кешке Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Түркиядан жер сілкінісі кезінде қайтыс болған жерлестеріміздің денесі Антакиядан Анталияға жеткізіліп, 11 ақпан күні кешке Алматыға жеткізілді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мемлекет тасымалдау бойынша барлық шығынды өз мойнына алғанын айтты. 

Біздің консул Сабина Мамадьяроваға барды, оның денсаулығы жақсы. Оның жарақат алған қолына ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, әлі біраз уақыт олардың бақылауында болуы керек, - деді Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы