Түркияда Президент сайлауының екінші кезеңі аяқталды

28 Мамыр 2023, 20:55
987
Бөлісу:
Түркияда Президент сайлауының екінші кезеңі аяқталды
Фото: Артём Чурсинов

Түркия уақытымен кешкі сағат 17:00-де дауыс беру аяқталды. Енді жоғары сайлау комиссиясы дауыстарды санауды бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркия бойынша 973 аудан, 1 094 округтік сайлау кеңсесінде 191 мыңнан астам сайлау жәшігі құрылды. Түркияда таңғы сағат 08:00-де басталған дауыс беру рәсімі кешкі сағат 17.00-де аяқталды.

Шетелдік сайлау тізіміне тіркелген 3,5 миллион сайлаушы үшін 73 елде және 151 шетелдік өкілдікте сайлау учаскелері құрылды. Ал дауыс беру 25 мамырда аяқталды.

Сайлау күні бірқатар шектеулер де қойылды. Бүгін сағат таңғы 06.00-ден түнгі 00.00-ге дейін алкогольдік өнімдер сатылмайды, қоғамдық орындарда алкогольдік сусындар беруге және ішуге тыйым салынады, ойын-сауық орындары дауыс беру кезінде жабық болды, ал мейрамханаларда тек тамақ беріледі.

Айта кетейік, сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс.

14 мамырда өткен сайлаудың бірінші кезеңінде кандидаттардың ешбірі 50 процент дауыс жинай алмады: Түркияның іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43%.

Өзгелердің жаңалығы