Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттер көмек алу үшін қайда хабарласа алады

12 Ақпан 2023, 10:10
900
Бөлісу:
Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттер көмек алу үшін қайда хабарласа алады

Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы Түркияда оқитын қазақстандық студенттерге көмек пен кеңес алу үшін байланыс нөмірлерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздеріңізге белгілі болғандай, 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияның Оңтістік-Шығыс аймағында болған жер сілкінісі салдарынан жарақат алған азаматтардың саны өсіп келеді.

Осыған байланысты, Түркия Президенті елдегі жоғарғы оқу мекемелері (ЖОМ) дәрістерді онлайн жүргізілетінін хабарлады. Сонымен қатар табиғи апатта жарақат алған азаматтарды уақытша тұрғылықты жермен қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік меншігіндегі ЖОМ жатақханалары пайдаланылады. Түркия билігінің хабарландыруы жекеменшік пәтерде/жатақханада, жалға алынған пәтерде мекендейтін студенттерге қатысты емес екендігіне, сондай-ақ Түркияда тұрып онлайн сабақты алуға болатындығына назар аударамыз, - делінген Қазақстанның Түркиядағы елшілігі таратқан ақпаратта.

Көмек және консультация алу үшін төмендегі байланыстарға хабарласуға болады.

Анкарадағы Елшіліктің жауапты провинициялары: Анкара, Ушак, Афьон, Конья, Кутахья, Эскишехир, Биледжик, Болу, Аксарай, Невшехир, Ниде, Кыршехир, Кырккале, Чанкыры, Карабюк, Зонгулдак, Бартын, Кастамону, Чорум, Йозгат, Кайсери, Мараш, Османие, Хатай, Чорум, Синоп, Амасья, Самсун, Токат, Орду, Сивас, Малатья, Адыяаман, Газиантеп, Килис, Шанлыурфа, Елазыг, Тунджели, Эрзинджан, Гиресун, Гумушхане, Трабзон, Байбурт, Бинголь, Диярбакыр, Мардин, Батман, Ширнак, Сиирт, Хаккари, Битлис, Ван, Муш, Агры, Эрзурум, Карс, Ыгдыр, Ризе, Артвин, Ардахан.

Байланыс нөмірлер:

1. Консул Темірлан Сайлауұлы - +90 538 880 70 41;

2. Үшінші хатшы Даурен Кубенов - +90 536 673 78 07;

3. Консулдың көмекшісі Алихан Нұрсеитов - +90 552 896 07 04;

4. Кезекші комендант - +90 312 491 91 00;

Электронды пошта: ankara@mfa.kz

Антальядағы Бас консулдықтың жауапты провинцялары:Анталия, Мугла, Денизли, Бурдур, Ыспарта, Караман, Мерсин.

Байланыс нөмірлер:

1. Вице-консул Асем Байтишова - +90 553 941 42 75;

2. Сарапшы Жандос Ранов - +90 536 489 64 11;

3. Кезекші комендтант - +90 242 324 26 11;

Электронды пошта: antalya@mfa.kz

Ыстанбұлдағы Бас консулдықтың жауапты провинцялары:Ыстанбұл, Измир, Бурса, Сакарья, Текирдаг, Эдирне, Кыркларели, Коджаэли, Ялова, Дуздже, Чанаккале, Балыкесир, Маниса, Айдын.

Байланыс нөмірлер:

1. Консул Қанат Тұрыбаев - +90 541 116 53 86;

2. Консул Ертай Ерғалиұлы - +90 506 774 53 77;

3. Кезекші комендант - +90 212 662 53 47;

Электронды пошта: istanbul@mfa.kz

Өзгелердің жаңалығы